Шымкентте құрылыста алты өзбектің басына темір құлаған

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі
Төбенің опырылуы салдарынан алты жұмысшы жарақат алды, олар Шымкент қалалық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері келгенге дейін №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.

Шымкенттегі құрылыс алаңында төтенше жағдай орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

21 қарашада сағат 15.30 шамасында Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын үй кешеніндегі Ибрахим ата көшесінде ауданы 1500 шаршы метр болатын жаңадан салынып жатқан ғимараттың төбесіндегі темір каркастар опырылып түсті.

Төбенің опырылуы салдарынан алты жұмысшы жарақат алды, олар Шымкент қалалық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері келгенге дейін №3 қалалық ауруханаға жеткізілді.

- Олардың барлығы - 1996, 1981, 1989, 1979, 1978, 1986 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматтары. Оқиға орнында кинологиялық бригада келіп, үйінділер астында зардап шеккендерді іздеді. Үйінді астынан зардап шеккен немесе мертіккен адам табылмады. Төтенше жағдай орнына 24 өрт сөндіру қызметінің, 8 құтқару қызметінің жеке құрамы мен 2 техника жұмылдырылды, - деп хабарлады төтеншеліктер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты