Қызылордада жол апаты салдарынан ауруханаға түскен бала да көз жұмды

видеодан алынды
Балалар ауруханасына жатқызылған 10 жасар бала кеше Қызылорда уақытымен сағат 20.30 шамасында көз жұмды.

Қызылордада аялдамадағы адамдарды көлік жапырып, үш адам мерт болып, екеуі ауруханаға түскен. Кеше кешкісін ауруханаға түскен екі адамның бірі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

"Балалар ауруханасына жатқызылған 10 жасар бала кеше Қызылорда уақытымен сағат 20.30 шамасында көз жұмды. Біз барлық тиісті шараларды жасадық, өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады", - деді Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жанат Жәлиева.

Естеріңізге сала кетелік, жол апаты кеше сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында болған. "Тойота Камри" маркалы автокөлігі "Mercedes-Benz" көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан "Тойота Камри" жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен. Оқиғадан зардап шеккен 10 жасар бала мен 31 жастағы әйел балалар және қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айбек Мырзағұлов екеуінің де жағдайы өте ауыр екенін айтқан болатын.

Көз жұмған 3 оқушы да Қызылорда қаласындағы №12 орта мектепте білім алған. Нұрислам Заурбек пен Нұрдәулет Кенжебай аталған мектептің бесінші сыныбында, ал Кәусар Заурбек үшінші сыныпта оқыған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді