Тараздағы оқушы зорлығы үшін тағы бір шенеунік жұмысынан босады

Ашық дерекөздерден алынды
Облыстық полиция департаментінің бастығы жұмыстағы салғыртығы үшін ескерту алды.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Тараз қалалық полиция Басқармасының бастығы Ардақ Мәдімаров қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің бастығы жұмыстағы салғыртығы үшін ескерту алды.

Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратты растады.

Айта кетсек, Тараздағы №6 мектепте жетінші сынып оқушысы даладағы әжетханаға барамын деп азғынның қолына түсіп, зорлық көрген еді. Сабақ кезінде мектеп ауласында оқушының зорланғаны үшін мұғалімдер, вахтер, тәрбие ісі жөніндегі завуч, мектеп инспекторы жұмыстан кеткен. Кейін облыстық білім басқармасының басшысы өз еркімен жұмыстан кетті. Ал қала әкімі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен жұмысынан босаған болатын.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды