Сағынтаев Күдебаевтың ұлының ісіне қатысты пікірін білдірді

Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Барлығы объективті болуы керек, сарапшы-мамандар береді бағаны, соған сай сот өз қалауына қарай шешім шығарады - Сағынтаев.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының ұлы Нұрсұлтан Күдебаевтың ісіне қатысты өз көзқарасын білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Мұны сарапшылар айтуы керек. Кездейсоқ қайғылы жағдай, солай болды енді, бүтін отбасы әкесінен әрі баласынан айырылды. Қазір дәрігерлердің әрекеттеріне менің қандай-да бір баға беруім дұрыс болмайды. Барлығы объективті болуы керек, сарапшы-мамандар береді бағаны, соған сай сот өз қалауына қарай шешім шығарады. Менің бұл іске баға беруге қақым жоқ, - деді Сағынтаев ОКҚ-да өткен брифингінде.

Еске сала кетсек, 2019 жылдың шілдесінде Нұрсұлтан Күдебаев жол-көлік апатына ұшырап, №4 ауруханаға жеткізіліп, сонда ота жасалды. Одан кейін Германияға жеткізіліп, 2019 жылы тамыз айының аяғында сонда қайтыс болды. Ол Алатау ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған. Нұрсұлтан Күдебаевтың артында үш баласы қалды.

Бұдан кейін бірден Алматыдағы №4 аурухананың екі дәрігері қамауға алынған. Қанат Тезекбаевтың әйелі Президентке ашық хат жолдап, ол босатылды. Тағы бір анестизолог дәрігер Асқар Тұңғышбаев қамауда. Тергеу ісі жүріп жатыр.

Бұл істі Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президент әкімшілігіне, ҚР Денсаулық министрлігіне және Алматы әкіміне жеке қадағалауға алуды тапсырған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды