Алматыда мектеп жанында он бір жасар қызды көлік қағып кетті

callassist.blob.core.windows.net
Баланың миы шайқалып, көптеген дене жарақатын алған.

Көлік қаққан баланың туыстары оқыс оқиға куәгерлеріне іздеу салып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Ата-анасының айтуынша, 29 қараша күні таңертеңгі сағат 08:20 шамасында №1 мөлтек аудандағы №111 гимназия-мектебінің жанында 37Б / 1 үйдің кіреберіс алдында көлік 6-сынып оқушысын қаққан.

- Оқушыны қаққан көліктің жүргізушісі тоқтамай, қашып кеткен. Бала өзін қаққан қара джип екенін, рөлде ер адам отырғаны есінде екенін айтты, бірақ нөмірін бажайлап көре алмаған. Баланың миы шайқалып, денесі көптеген жерінен жарақат алған. Ол балалар ауруханасына жатқызылды. Арыз жазылып, іс қозғалды. Бала өзінің жанында сол кезде №111 гимназияның оқушысы болғанын, бірақ оны жекелей танымайтынын айтады. Сол секілді оқыс оқиға болған кезде сол маңда бірнеше ересек адам да болған. Мүмкін солардың біреу көліктің нөмірін есте сақтап қалған шығар, не болмаса басқа да деректері бар болса баланың ата-анасы өздеріне хабарласуды сұрайды. Анасы Жазира - 87058600059; әкесі Асқар - 87073422403, - дейді өтініп анасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты