Жол апатына ұшыраған автобуста қайтыс болғандардың саны сегізге жетті

censor.net.ua
Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен жол-техникалық инспекциясы жұмыс істеп жатыр, ол арада автотехникалық сараптама жүргізілетін болады.

"Қызылорда облысында трассада автобус жол апатына ұшырап, салдарынан сегіз адам қаза тауып, 21 адам жарақат алды", - деді Үкіметтің дәлізінде журналистерге берген сұқбатында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жанат Әбдірахманов, деп хабарлайды zakon.kz.

- Жол апаты бүгін таңғы сағат 5 шамасында Қызылорда-Құмкөл тас жолында болды. Қазіргі уақытта 8 адам қайтыс болды, 21 адам жарақат алды. Оның барлығы - Қазақстан азаматтары. Автобус жүргізушісі көктайғақ салдарынан рөлге ие бола алмай, автобус трассадан тайып, аударылған. Қазір тергеу органдары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр, кейін қосымша ақпарат берілетін болады, - деді Әбдірахманов.

Қазіргі уақытта ол оқиға орнында жедел-тергеу тобы мен жол-техникалық инспекциясы жұмыс істеп жатқандығын, автотехникалық сараптама жүргізілетіндігін атап өтті.

- Бұл - мекеменің автобусы, Шымкентте тіркелген, Құмкөлде жұмыс істейтін мұнай компаниясы. Олар жұмысқа шығып келе жатқан, - деді комитет басшысының орынбасары.

Жолаушылар автобусы 3 желтоқсанда сағат 05: 25-те Қызылорда-Құмкөл тас жолында апатқа ұшырады. Көктайғақ салдарынан жолаушылар автобусының жүргізушісі рөлге ие болмай қалған. Автобус Құмкөл-Қызылорда бағытына бет алған. Оқыс оқиға Қызылордадан 85 шақырым жерде болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді