ШҚО әкімі өтірік айтқан мектеп директорын жұмыстан шығарып жіберді

facebook.com
Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұра жалған ақпарат беруі себепті бұл мектеп директоры қызметінен босатылды, ал облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Facebook-тегі парақшасында Өскемендегі мектептің біріне барып, ақырында ол мектептің директорын жұмысынан шығарып жібергенін жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Құрметті достар, өткен аптада Өскемендегі Согра шағын ауданындағы №23 мектепте болдым.

Тұрғындардың тығыз шоғырлануына байланысты бұл білім шаңырағында бала саны белгіленген мөлшерден асып кеткен. Сондықтан қосымша ғимарат салу туралы шешім қабылданған еді. Мектепті аралау кезінде маған қосалқы нысанның іске қосылғандығы, ол жерде балалар оқып жатқандығы туралы ақпарат жеткізілді. Алайда, кейінірек ата-аналар арызданып, жаңа корпустың құрылысы әлі аяқталмағандығын айтты.

Тапсырмам бойынша тексеру жүргізілді. Өкінішке орай, жаңа корпуста ешкім оқымайтындығы анықталды. Ал ғимарат расымен-ақ, әлі қолданысқа берілмеген.
Нысанның мерзімінде өткізілмеуі және біле тұра жалған ақпарат беруі себепті бұл мектеп директоры қызметінен босатылды, ал облыстық білім басқармасының басшысына сөгіс жарияланды" делінген әкімнің жазбасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

2026 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қандай болады