Республикалық ветеринарлық зертхананың бұрынғы басшылығындағылар сотталды

zakon.kz
Әрқайсысына 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Республикалық ветеринарлық зертханасының бұрынғы басшылығы пара алды деп айыпталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасады деп күдікке ілінген ҚР АШМ "Республикалық ветеринариялық зертхана" ШЖҚ РМК бас директорының міндетін атқарушы М.Ч. Итеновке, оның орынбасары және зертхана меңгерушісі Г.Р. Әділбаеваға, сондай-ақ осы мекеменің тағамдық қауіпсіздігінің меңгерушісі Б.А. Алынязоваға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.

2019 жылдың 3 желтоқсанында Алматы қаласы Жетісу ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Итенов пен Әділбаева азаматты ветеринарлық зертханаға зертханашы ретінде жұмысқа орналастыру үшін 250 мың теңге көлемінде пара алғаны, сондай-ақ Итенов кәсіпкерлерге тиісті қорытындылар беруде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 10 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталған тұлғалар өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазымдар атқару құқығынан айырылды. Осы үкіммен Алынязова да кінәлі деп танылды және өзіне сеніп тапсырылған жауапкершілікті асыра пайдалана отырып, мемлекетке мүліктік залал келтіргені үшін оған 757 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады