Бөрлі аудандық соты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 2-бөлігі, яғни мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаның алаяқтық әрекеті, өз лауазымын асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы прокурор Қ.Қайырмұхановқа үкім шығарды, деп хабарлайды zakon.kz Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сот процесі кезінде Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы прокуратурасының прокуроры болып жұмыс істеген Қайырмұханов бір қылмыстық істің мән-жайын нақты білгені анықталды. Бұл іс бойынша күдіктілердің бірі өз кінәсін мойындап, жәбірленушіге өтемақы төледі. Осыған байланысты Қайырмұханов сот келісімі бойынша күдіктіге шартты түрде жазаны тағайындау және келісу түрінде процессуалдық келісім жасасуға барлық негіз бар деп санады.
- Бұл жағдайда қандай-да бір шешім қабылдауға рұқсаты болмаса да әрі қылмыстық ниеттерін ескерместен аудандық прокуратураның және процессуалдық прокурордың басшылығымен Қ.Т. Қайырмұханов өзінің М. деген танысына 2 млн теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы ұсынса Б.-ның бас бостандығынан айыру жазасын шартты түрдегіге ауыстыруға көмектесе алатындығы туралы айтқан. Өз кезегінде, М. Қайырмұхановтың ұсынысымен келісіп, бірақ сыйақыны азайтуды өтінді, өйткені онда ондай ақша болмаған, бұған Қайырмұханов келіскен, - дейді сот.
Нәтижесінде Қайырмұханов 1 500 000 теңге алды.
Бөрлі аудандық сотының 22 қарашадағы үкімімен Қайырмұханов ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Сонымен қатар, сот оны мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айырды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.