Құлжа тас жолында жаяу жүргіншіні көлік қағып, мерт қылды

zakon.kz
Жол апатының мән-жайын жол полициясының қызметкерлері тексеріп жатыр.

Құлжа тас жолында Nissan Primera көлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып, мерт қылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Оқыс оқиға Бәйтерек және Ават ауылдары арасында жанар-жағармай бекетіне қарама-қарсы бетте болды.

Жүргізуші күннің аздап тұман болғанын айтады. Ол Ават жақтан жолдың оң жақ бөлігінде сағатына 60-70 шақырым жылдамдықпен келе жатқан. Бір уақытта ол жолда жатқан, одан соң тұрған бірнәрсені көреді. Ер адам тежегішті басып, рөлді бұруға тырысқанмен, бәрібір жаяу жүргіншіні қағып, зардап шегуші жол апаты орнында көз жұмды.

Айта кету керек, жол апаты жарық жүргізілмеген әрі жаяу жүргіншілерге рұқсат белгісі жоқ жерде орын алған.

Жол апатының мән-жайын жол полициясының қызметкерлері тексеріп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы