Олимпиадаға дайындық орталығы басшысының пара алу кезіндегі видеосы жарияланды

видеодан алынды
Олар бір кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді.

Алматыдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алды деген күдікпен "Ауыр атлетика бойынша олимпиадаға дайындық орталығы" басшысы мен осы мекеменің бас есепшісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Олар бір топ адам болып алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысындағы оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартқа отырғаны үшін сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 миллион 625 мың теңге көлемінде пара алды деп күдікке ілінді", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет таратқан хабарламада.

17 желтоқсанда бұл адамдар ұсталып, Алматы қалалық уақытша ұстау изольяторына қамалды, қазір бұлтартпау шарасына қатысты мәселе қарастырылып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Күдіктілерге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады