Алматыдағы кафеде ер адамды бір топ жігіт әйелі мен бала-шағасының көзінше ұрып-соққан. Бұл туралы зардап шеккен ер адамның әйелі Салтанат Пердебаева Инстаграм парақшасында егжей-тегжейлі баяндап, видеода күйеуіне қол көтерген дөйді танитындар бар болса, оны табуға көмектесуді сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.
Әйел 2019 жылдың 17 желтоқсанында қызы биден жүлде алып, мұны отбасы атап өтуге шешім қабылдағанын айтады.
- Біздің отағасы, дәлірек айтқанда, менің күйеуім мені және үш кішкентай баламызды шашлық әзірлейтін "ЗОЛОТОЕ РУНО" кафесіне шақырды. Бәрі жақсы болған. Кафеге кіреберісте мас 8 адам өзара дүрдараз болып, кіріп-шыққан адамдарға кедергі келтірген. Күйеуім балаларымен жүргенін, жол беруін олардан сыпайы түрде өтінді.
Былғары күртеше киген, басында құндық бөрігі бар ер адам «менен бірдеңе сұрайтын, сен кімсің» деп күйеуімді жұдырығымен бір қойды, қалғандары да жабыла кетіп, балаларымның көзінше күйеуімді ұрып-соқты. Осыдан кейін, төбелескендердің бірі құндыз бөрік кигенге "тез кет, сен прокурорскийсің ғой" деді. Ол кезде біз "102-ге" қоңырау шалып қойғанбыз. Содан кейін олар қашып кетті. Мен бұл адамды танитындар болса, хабарласуын сұраймын. Есімі АРДАҚ көрінеді. Болған оқиғадан кішкентай қызым қатты шошып қалған, күні бойы жылады. Біз тіпті дәрігерге де бардық, - деп жазды әйел мына видеоны да парақшасына жүктеп.
Аталған оқиғаға қатысты Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі түсініктеме берді.
- 2019 жылдың 17 желтоқсанында Әуезов ауданының кезекші бөліміне "Ақсай-2" ықшамауданында орналасқан кафелердің бірінде белгісіз адамдар төбелесіп жатқандығы туралы хабарлама түсті. Қазіргі уақытта осы оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы, 2-бөлігі бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу аясында тергеу әрекеттері жүргізілуде. Төбелескендердің барлығының жеке тұлғалары анықталды және қазіргі уақытта барлық айыпталушылар куәлік беріп жатыр.