zakon.kz редакциясына жұмыс орнында қанға бөккен адамның видеосы келіп түсті. Видео сыртындағы адам мұның Алматы облысында болғанын, жанаржағармай құю бекетінің қызметкері қаза тапқанын айтады. Біз бұл қанды оқиғаның Алматыда болғанын анықтадық.
- Бұл видео Іле ауданы, Қоян-құс ауылында түсірілген. Менің білуімше, олар жанар-жағармай бекетін тонап, бір адамды өлтірген. Бізде полиция, әкімдік мүлдем жұмыс істегісі келмейді. Біз жақта ұрылар, нашақорлар, маскүнемдер, бұзақылар өте көп. Тіпті, көшеде балаларды қуған қараусыз иттер де толып жүр. Ұрылар біздің үйді үш рет тонап кетті, ал полициядан пайда жоқ. Олар іздемейді де, егер ұрыны ұстап, қолдарына тапсырсаңыз, екі күннен кейін ол адамның көшеде жайраңдап кетіп бара жатқанын көресіз. Яғни, жібере салады. Сонымен, біздің көршілеріміздің барлығы дерлік тоналды. Біз балаларымыз үшін қорқамыз, үйді тастап, қонаққа барудан да қалдық. Не істеу керектігін және қайда шағымданарымызды білмейміз, - делінген видеоға қосақталған жазбада.
Өз кезегінде Алматы полициясы бұл оқиғаның нақты қай жерде, қалай болғанын егжей-тегжейлі айтып берді.
Жанар-жағармай құю бекетінде жұмыс істейтін кезекші кассирге халін білмек болып досы келеді. Бірақ бірнеше минуттан кейін жанар-жағармай бекетінің қызметкері жұмыс орнында қанға бөгіп, жерде жатады.
- Екі ер адам жұмыс уақытында кездесіп, 100 граммнан жасырын "тартып" жүреді. Бір сөзбен айтқанда, бөтелкелес достар. Сол күні 1980 жылғы күдікті Н. әдеттегідей досына келіп, екеуі ащы судан дәм тартады, содан кейін ол жанар-жағармай бекетінде жұмыс істейтін досынан ақша сұрайды, ол ақша жоғын айтқан. 54 жастағы жәбірленуші артына қараған кезде қарама-қарсысында отырған досы оның мойнына нан тураған пышақты салған. Мойнына пышақ қадалған ер адам жұмысшы бөлмесіндегі төсекке құлаған кезде одан қаскөй ақшаның қайда екенін көрсетуді талап еткен. Ол кассадан 40 000 теңге ақшаны алып, қашып кеткен. Сөйтіп бөтелкелес досын қансыратып тастап кеткен, - дейді Жетісу аудандық полиция бөлімінің бастығы полковник Дархан Мұсанов.
Жамбыл облыстық полиция департаментінің әріптестерімен бірлесе атқарған жұмыс кезінде күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық құрамның негіздері бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 192 бабы, 2-бөліні, 4-тармағы бойынша қылмыстық ісі қозғалып, сотқа дейінгі тергеу ісі қолға алынды.
Зардап шеккен ер адам ауруханада жатыр.