Алматыда талайды сан соқтырып, зар илеткен мына әйел ұсталды

Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі
Ол елдің бәріне "жер телімін" алып беремін деп ақшасын алып, алдап кетіп отырған.

Алматы қаласы Түрксіб ауданының полиция қызметкерлері "жер телімін алып беремін" деп, елден қомақты ақша жинап алған әйелді ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.

- 2014 жылы азамат Б. Н. деген азаматты бірнеше ай бойына жағалап, ақыры Түрксіб ауданындағы вокзал маңындағы кафелердің бірінде шетелдік валютада ірі сомадағы ақшасын иемденеді. Ол зардап шегушіге Қаскелеңнің әкімдігінде жұмыс істейтін дос қызы барын, ол белгілі бір сомаға Қаскелеңнен жақсы жер телімін алып бере алатынын айтқан. Ауызша мәміледен соң жәбірленуші тарап күдікті Б.-ға бірнеше ай ішінде 12 800 долларды бөліп-бөліп береді. Бірақ оның қолына сол күйін жер телімінің құжаты тимейді. Тергеу іс-шаралары кезінде Б. қылмыстық қудалаудан жасырынып, қашып жүрді. Қазіргі уақытта Алматы қаласында оның осындай алаяқтық үш оқиғаға қатысы бары белгілі болды. Ал Алматы облысының аумағында 9 адамды да осылай алдаған, делінеді Алматы қалалық ПД мәлімдемесінде.

Күдікті Алматы қаласының уақытша қамау изольяторына тоғытылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүріп жатыр.

Күдіктінің заңсыз әрекеттерінен тағы зардап шеккен адамдар болса, Түріксіб аудандық полиция бөлімінің мына нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз: 298-54-01, 298-54-02, 87012334790, 87780008617

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз