РЕН ТВ ресейлік телеарнасы бүгін Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққаннан кейін апатқа ұшыраған Bek Air әуе компаниясына тиесілі Fokker-100 жолаушылар ұшағының ұшқышы мен әуежай диспечерлері арасында болған сөздің аудиожазбасын жариялады.
Соңғы мәліметтер бойынша, бұл апаттан 12 адам көз жұмып, ондаған адам жарақат алды.
Келіссөздерге сүйенсек, ұшақ штаттық режимде ұшуға дайындалып жатыр. Диспетчерлер Fokker-100-ге ұшу-қону жолағына шығуға рұқсат береді, содан кейін ол жолға шығады, содан кейін олармен байланыс үзілді.
Осы уақытта оның орнына AstanaLine әуе компаниясына тиесілі ұшақ келіп тұрады. Әуежай қызметкерлері оларға күте тұруға бұйырады. Өйткені олар жаңа ғана ұшып шыққан Fokker-100-ді таппай жатқанын айтады.
Келіссөздің сөзбе-сөз нұсқасы былай болып келеді:
- BeкAir 2100, жел 040 градус, 05 оңға қарай ұшуға рұқсат етемін, - дейді диспетчер.
- 05 оңға, 2100, бәрі жақсы, барлықтарыңызға қайырлы күн! - деп ұшқыш жауап береді.
- Жол болсын! – деп диспечер қоштасады.
Одан кейін, диспетчер ұшып кеткен ұшақ ұшқышымен бірнеше рет байланысқа шығуға тырысады:
"БекЭйр 2100, Алматы-Вышка"...
"БекЭйр 2100, Алматы-Вышка"...
"БекЭйр 2100, Алматы-Круг"...
Осыдан кейін диспечер басқа ұшаққа ескерту жасайды.
"AstanaLine-671, біз Fokker-100 қайда екенін білмейміз". Одан кейін дабыл белгісі соғылады.
- 671 (AstanaLine ұшқыштарына айтып жатыр, шамамен), 05 жолаққа оңға техника келе жатыр. Дабыл жарияланғандықтан техника келеді ұшу жолағына немесе сол маңға, - делінеді аудиохабарламада.