Жұмасұлтанов Bek Air екі күн бойы халық алдына неге шықпағанын түсіндірді

zakon.kz
Оның айтуынша, алғашқы сәтте компания өкілдері апат болған жерге бірден тартқан, сөйтіп эвакуация ісіне ат салысқан.

Алматы әуежайында Bek Air әуе компаниясының бас өкілі Нұрлан Жұмасұлтановтың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол баспасөз конференциясын бір минут үнсіздікпен бастады. Және ол барлығын сабырлы болуға шақырды.

- Ең алдымен, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтамын. Өкінішке орай, адамдардың, соның ішінде біздің командирдің өмірін қиған осындай қайғылы жағдай болды. Сондықтан бәрін бір минут үнсіздікпен еске алайық, - деді ол.

Әуе компаниясында Нұрлан Жұмасұлтановтың кім екендігі туралы сұраққа ол "компания басшысымын" деп жауап берді.

- Мен бұл компанияны белгілі бір уақытқа дейін басқардым, қазір қайта оралуыма тура келді. Мені компанияның басшысы деп жаза аласыздар. Екі күн бойы халық алдына неге шықпағанымызды түсіндіргім келеді. Біріншіден, сіздер сияқты біздің болған жайттан есіміз шығып кетті, - деді ол.

Оның айтуынша, алғашқы сәтте компания өкілдері апат болған жерге бірден тартқан, сөйтіп эвакуация ісіне ат салысқан.

- Тергеу органдарында болдық, жерлеу рәсімдерімен айналысқан. Сонымен бірге, біз сізге берілген ақпараттарды жіті қадағалап, оны бүге-шешесіне дейін таразылап отырдық, оны кейін жариялайтын боламыз, - деп сендірді Жұмасұлтанов.

Ол бұқаралық ақпарат құралдарымен осы кездесуді ұйымдастырған ҚР ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды