Украина билігі Иранда әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 8,3 мың доллардан төлейді

sb.by
Украина Министрлер Кабинеті төлемнің төленуін жітіУкарина билігі қадағалайтын болады.

Украина үкіметі әуе апатынан қаза тапқандардың әрқайсысына 200 мың гривен көлемінде ақшалай өтемақы (шамамен 3,158,000 теңге) төлейді, деп хабарлайды РБК.

"Украина халықаралық әуе жолы" компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушылар ұшағының Тегеран маңында құлауы салдарынан қайтыс болған Украина азаматтарының әрқайсысының отбасына 200 мың гривеннен төленеді", деп жазды Украинаның премьер-министрі Алексей Гончарук Facebook-тегі парақшасында.

Ол Украина Министрлер Кабинеті 1999 жылы қабылданған Монреаль конвенциясына сәйкес жасалуы тиіс бұл төлемдердің адам қолына жетуін қадағалайтынын да атай кеткен.

"Мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын, әсіресе құқықтық және қаржылық жағынан. Сонымен қатар, Украина халықаралық әуе компаниясы (UIA) ұжымдық келісімшартқа сәйкес, экипаж мүшелеріне сақтандыру төлемдерінтөлеуі тиіс", - деді Гончарук.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі