6 жасар баласын көлік рөліне отырғызған алматылық жауапқа тартылды

Хабар 24
Ер адам келесі жолы ұлын көлік рөліне отырғызбауға уәде берді.

Алты жасар ұлын көлік рөліне отырғызған алматылық ер адам жауапқа тартылды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция бұл фактіні әлеуметтік желіден байқап, тіркеген. Алдымен видеоны баланың әкесі желіде жария етті, содан кейін бұл факті танымал аккаунттарда жарияланды.

- Тіпті, бала көлікті жаттығу алаңында жүргізді дегеннің өзінде де бұл арада, әсіресе бала үшін бас тіккен тәуекелдің қаупі үлкен екенін естен шығаруға болмайды. Әкесі мұны білуі керек. Қалай дегенмен де ер адам бұл өз айыбын мойындап, келесі жолы ұлын көлік рөліне отырғызбауға уәде берді. Ер адамға өз кінәсін мойындағанына байланысты ҚР Әкімшілік кодексінің 612 бабы, 5-тармағы, яғни "Көлік құралын көлік құралын басқаруға құқығы жоқ тұлғаға беру" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Өз кезегімізде, көлік жүргізушілерін жол қауіпсіздігінің кепілі болып табылатын жол ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз, - деді Алматы қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды