Талғар ауданында кісі өлтірген Өзбекстан азаматы ұсталды

BB.lv
Оқиға орнынан ас үй пышағы табылып, тергеу материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.

Кісі өлімі 11 қаңтарда Талғар ауданындағы орын алған. Құрылыс нысандарының бірінде түрлі дене жарақаты бар 43 жастағы ер адамның денесі табылған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдын ала тергеу барысында қайтыс болған азамат біздің елімізге 2019 жылы Өзбекстанның Андижан облысынан келгендігі және Қайнар ауылында жеке тұрғын үй құрылысын салумен айналысқан шетелдік азамат екені белгілі болды.

"Аудандық полиция қызметкерлері кісі өліміне қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 27 жастағы отандасын ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, қылмысқа қатысты барлық мән-жайлар анықталатын болады. Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды", - деп хабарлады Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Полицияның таратқа ақпаратқа сәйкес, дерек бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнынан ас үй пышағы табылып, тергеу материалдарына айғақзат ретінде тіркелді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі