Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен әпкелі-інілі балалар табылды

Қазір істің барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Алматы облысында із-түзсіз жоғалып кеткен екі бала табылды. Бұл туралы zakon.kz сайтына Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.

- Балалар Қаратал ауданынан табылды. Қазір істің барлық мән-жайы анықталып жатыр, не үшін балалардың үйінен кету себебі анықталуда. Із-түзсіз жоғалған балаларды іздеу үшін Алматы облысы әкімінің бұйрығымен қосымша полиция жасақтары мен облыстық полицияның ізкесушілері тартылды. Іздеуге еріктілер тобы да қосылды. Жағдай облыс әкімінің бақылауында болды және әр екі сағат сайын әкімге жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижелері туралы есеп беріліп отырды. Осындай үйлестірілген әрекеттердің арқасында балалар табылды, қазір олардан сұрақ-жауап алынып жатыр, - деді Ғалымұрат Жүкел.

Айта кетсек, Алматы облысында 14 және 16 жастағы жасөспірімдер жоғалып кеткен. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылы туған Лунина Елизавета мен 2006 жылғы Лунин Виталий 12 қаңтар күні үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Тәртіп сақшылары балаларды екі күн бойына іздеді. Балалардың анасы бір күннен кейін, 13 қаңтарда полицияға арызданған. Балалар өздерін іздеп, уайымдамауды сұрап, анасына хат жазып қалдырған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: