Қазақстан кәсіпкері Испаниядан өлі күйі табылды

Баспасөз қызметі
Қазір кәсіпкердің өліміне қатысты барлық мән-жай анықталып жатыр.

Испанияда қазақстандық азамат көз жұмды. Бұл жайлы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Испаниялық Eldia.es басылымы 53 жастағы кәсіпкердің Аликантедегі виллалардың бірінде көз жұмғанын хабарлаған болатын.

"Ер адамның денесін сейсенбі күні кешке бағбан тауып, хабар берген. Ол жедел жәрдемді, сондай-ақ азаматтық күзет пен жергілікті полицияның бірнеше патрулін шақырған. Ер адамның қайтыс болғанын білген мамандар істің мән-жайын ескере отырып, тергеушілердің келуін талап еткен. Марат Сабалақовтың денесі баспалдақтың астында етпетінен жатқан. Сондықтан бір нұсқа бойынша, ол құлап қайтыс болуы мүмкін. Алайда қарақұс тұсындағы соққыдан келуі мүмкін жарақат, сондай-ақ қан белгісінің үй ішінде де болуы – қылмыс болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды", - деп хабарлайды басылым.

Ал тағы бір испандық diarioinformacion.com сайты Марат Сабалақовтың қазасы қылмыстан емес, оқыс жағдайдан болғанын жазады. ҚР Сыртқы істер министрлігі Испанияда Қазақстан азаматының қайтыс болғанын растап отыр.

"Испания полициясы Қазақстан азаматының көз жұмғанын хабарлады. Сондағы консул істің мән-жайын анықтау үшін оқиға орнына аттанды", - деп хабарлайды ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы