Алматыда бала күтушісі 1,5 жасар нәрестені ұрып-соққан

видеодан алынды
Ата-ана бала күтушісі жауапкершіліктен сытылып құтылып кете ме деп қорқады.

Алматыда бала күтушісі бір жасар жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды zakon.kz "Немолчи.kz" қозғалысының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Зардап шеккен баланың ата-анасы жұмыста болғандықтан күтуші жалдаған. Кейін көршілері олар жоқта баласының көп жылайтындығын айтып, шағымданған. Осыдан соң ата-ана үйде камера орнатуды жөн көреді, ал бейнетаспадағы жайтты көрген олар өз көздеріне өздері сенбеген.

Ауруханада дәрігерлер баланың басының жұмсақ тіндерінің көгергенін, томпайып ісіген жерлерін тіркеді. Қазір бала ұйықтап жатқанда шошынады, тәбеті де жоқ.

Бізге баланы ұрып-соққан видео келіп түсті. Ата-ана оның жауапкершіліктен жалтарып, тағы біреудің баласын сорлатып жүрмей ме деп қауіптенеді. Арыз келіп түскеннен кейін ол екі күн бойына жасырынып жүрді, баланың әкесі оны өзі тауып алып, учаскелік полиция қызметкерін шақырды! Көлікте келе жатқанда ол еш ұялмастан барлық таныстарына қоңырау шалып, мәселесін шешуді сұраған! - деп хабарлайды "Немолчи.kz".

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы, яғни "Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы заңсыз әрекеттер" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғандығы хабарланды.

Жақында әкімшілік сот өтті, судья істі қайта тергеу үшін кері қайтарды.

Бала күтушісі Өзбекстанның тумасы екені белгілі. Одан басқа ол туралы мәлімет жоқ.

Алматы қалалық полициясы бұл іс бойынша ақпарат дайындап жатқандарын айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті