Қазақстанда коронавирус күдігімен бес адам ауруханаға жатқызылды

azh.kz
Ауруханаларға шұғыл түрде медициналық бетперделер, сондай-ақ ауыр науқастарды тасымалдауға арналған капсулалар сатып алынып жатыр.

Жедел респираторлы вирустық инфекциялар (ЖРВИ) белгілерімен ауруханаға жатқызылған қазақстандықтардың саны артты, - деді еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин арнайы баспасөз мәслихатында, деп хабарлайды zakon.kz.

- Таңертең 4 науқас ауруханаға жатқызылды, Алматыда олардың екеуі бүгін босатылды. Күндіз Алматыда тағы бір адамның ауруханаға түскені туралы қосымша ақпарат келді, сондай-ақ Ақмола облысында бүтін бір отбасы ауруханаға жатқызылды, өйткені олар Қытайда болған. Олардың барлығында ЖРВИ белгілері бар, екі баланың қызуы жоғары. Ересектерде ерекше белгілер жоқ, бірақ олар байланыста болғандықтан, ауруханаға бәрі жатқызылды, - деді Бекшин.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ауруханалар мен емханалар үшін әртүрлі типтегі медициналық бетперделер шұғыл сатып алынды, атап айтқанда 2,5 млн кәдімгі, 1,3 млн арнайы бетперлер.

- Бір реттік костюмдер, диагностикалық жабдыққа арналған материалдар да сатып алынып жатыр. Ауыр науқастарды тасымалдау үшін 30 капсула және қашықтықтан термометриялық тексеру жүргізу үшін 33 қосымша құрал сатып алынады. Тағы да қайталап айтамын, бетперделер мен қорғаныс костюмдері, дәрі-дәрмектер барлығына жеткілікті, - деп атап өтті бас санитарлық дәрігер.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді