Алматы облысында қылмыс әлемінің серкесін ұстауға қатысты қосымша мәлімет жарияланды

Сурет: zakon.kz
Алматы қаласы ПД-ның уақытша ұстау изольяторына қылмыс әлемінің алты өкілі тоғытылды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің ұсталуына қатысты қосымша мәлімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

- ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР Ішкі істер министрлігімен бірлесіп 1 ақпанда арнайы операция жүргізді. "Вор в законе" Серік Жаманаев басқаратын ("Серік-голова" - қылмыс әлеміндегі лақап аты) ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Жаманаевпен бірге ауыр және аса ауыр қылмыстарға, оның ішінде күш қолдануға қатысы бар деп күдікке ілінген қылмыстық ортаның алты өкілі ұсталып, Алматы қаласы ПД-ның уақытша ұстау изольяторына қамалды. Тінту кезінде олардың тұрғылықты мекенінен автомат және жартылай автомат қарулары, ірі көлемдегі ақша, сондай-ақ басқа адамдардың тартып алынған мүліктер табылып, тәркіленді, - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомствоаралық жедел-тергеу тобы сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады