2016 жылы Іле ауданында жас әйелді өлтірген күдікті ұсталды

pennwatch.org
Ұсталған азаматқа 29 жастағы әйелдің өліміне қатысы бар деген айып тағылып, мемлекетаралық іздеу жарияланған болатын.

Кісі өлтіру дерегі 2016 жылдың қазан айында Іле ауданында орын алған. Жеке үйлердің бірінде айуандықпен өлтіру белгілері бар жас әйелдің мәйіті табылған. Дерек бойынша жүргізілген сараптамалардың қорытындысына сәйкес, жәбірленуші пышақ жарақатынан қайтыс болған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғынның қылмысқа қатысы барын анықталы. Оқиға орнынан бой тасалаған күдіктіге 2017 жылғы ақпанда мемлекетаралық іздеу жарияланды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің мекенжайын анықтады. Кеше кешкісін жедел уәкілдер оны Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен құрықтады. Қазіргі уақытта іздеудегі күдікті Іле аудандық полициясына жеткізіліп, қамауға алынды", - деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеу Іле ауданы полицейлерінің өндірісінде одан әрі жалғасады және облыстық Полиция департаменті өз бақылауына алды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді