Қарасай ауданында дүкеннен киім ұрлаған кісі камераға түсіп қалды

антикражка.com.ua
Облыста сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен былтыр 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталған.

Қарасай ауданының полициясына жергілікті жеке кәсіпкерлердің бірі хабарласып, жергілікті сауда үйлерінің біріндегі сауда орнынан киім-кешектердің қолды болғанын хабарлаған.

Тәртіп сақшылары қылмысты ашуға бағытталған шаралар қабылдап, сауда орнындағы және жалпы дүкендегі бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеді, деп хабарлайды Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Жедел-іздестіру шаралары барысында 48 жастағы аудан тұрғынының қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Қазіргі уақытта қолданыстағы Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті әйел мекенжайын өзгертпеу туралы міндеттемемен босатылды", - деп хабарлады облыстық полицияның баспасөз қызметі.

Полиция таратқан ақпарат бойынша күдікті бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған, дегенмен бірнеше күн бұрын ол осы дүкеннен киімді үптеп кеткені дәлелденген. Ұрланған киім тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына айғақзат ретінде тіркелген.

Айта кетейік, облыста сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен былтыр 15 мыңға жуық құқық бұзушылық анықталса, қаңтар айында заманауи техника Талдықорған қаласында 16 қылмыстың мән-жайын әшкерелеуге мүмкіндік берген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек