Шымкентте бүтін бір отбасы белгісіз заттан уланды: ең кішкентайы көз жұмды

Отырар
Екі бала жан сақтау бөлімінде жатыр. Оларға токсикалық шок диагнозы қойылған.

Ордабасы ауданында тұратын отбасы туыстарының үйіне қонақ барамын деп, уланып қалды, деп хабарлайды zakon.kz otyrar.kz ресурсына сілтеме жасап.

Ауруханаға бір отбасынан әр түрлі жастағы бес адам келіп түсті: 2000, 2002, 2014, 2017 және 2019 жылы туылғандар.

Басылымның мәліметінше, ішіндегі ең кішкентайы ауруханада түскенде клиникалық өлім жағдайында болған. Оны құтқару мүмкін болмады, бала көз жұмды.

Тағы екі бала жан сақтау бөліміне жатқызылды. Олардың ағзаларында қазіргі уақытта белгісіз улы заттардың күшті әсері бар екені анықталды. Оларға токсикалық шок диагнозы қойылған.

Ересек балаларға қажетті көмек көрсетілді, содан кейін олар үйлеріне босатылды. Бұл отбасы "Север" ықшамауданы төңірегіндегі туыстарына барғанда уланған. Арнайы құралдарды қолданған мамандар жасаған сараптамаға сәйкес, оқиға орнында көміртегі оксиді тіркелмеген.

Кейінгі зерттеу үшін сарапшылар тамақ өнімдерін алып, тексеріп жатыр. Отбасы көрші пәтерлердегілер қандаланың көзін жою үшін зарарсыздандыру жүргізіп, соның кесірінен улануы мүмкін деген болжам бар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды