Қар құрсауында қалып кеткен елордалық көлігінен 5 шақырым жерде өлі табылды

proza.ru
Алдын ала болжам бойынша, қар құрсауында қалған адам көлігін тастап, жақын маңдағы елді-мекенге жаяу жетіп алайын деп шешкен.

Полиция көлігінен бес шақырым жерден жоғалған елордалық тұрғынының өлі денесін тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

19 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы тұрғынынан Шортанды полиция бөлімінің кезекші бөліміне 1953 жылғы досы Новокубанка ауылы мен Ақ көлдің арасында Nissan Patrol маркалы автокөлігімен қар құрсауында қалып қойғандығы туралы қоңырау келіп түсті.

Ер адамды құтқару үшін дереу полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың арасынан іздеу тобы құрылды. Іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалар мен қар машиналары жұмылдырылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 20 ақпанда ер адамның денесі қалдырған көлігінен бес шақырым жерден табылды. Алдын ала болжам бойынша, қар құрсауында қалған адам көлігін тастап, жақын маңдағы елді-мекенге жаяу жетіп алайын деп шешкен, - дейді Ақмола облысының ДП баспасөз қызметі хабарлады.

Полиция елорда тұрғындарына кезекті рет қар мен қарлы боран кезінде алыс сапарға шықпауға, ауа-райының өзгеруін бақылап, дауылдың болжамдары есеке алуды және егер жолда қиын жағдайға тап болса, онда 112 және 102 жедел жәрдем қызметтеріне дереу хабарласу керектігін ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы мемлекеттік сатып алудың жаңа ережелері: нені білу маңызды

Google, Apple, Netflix: Шетелдік интернет компаниялар бір жылда елімізге 35 млрд теңге салық төледі

"Қар, көктайғақ, тұман". Сейсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Лудомания – қоғамды жайлаған қауіпті індет

Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады