Bek Air ұшағы соғылған үйдің иесіне қатысты сот болмай қалды

zakon.kz
Сот отырысын 20 наурызға шегерді.

Талғар аудандық сотында ұшақ құлаған үйдің иесіне қарсы Bek Air компаниясының шағымына қатысты сот ісі басталуы керек еді. Алайда сот процесі басталмай жатып, іс кейінге қалдырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Себебі сотқа тартылушы Ришат Қалибек орыс тілін білмейді, оған аудармашы тағайындалмаған. Сонымен қатар ол өзінің адвокаты жоқ екенін айтты.

Алдын ала сот тыңдалымына әуекомпания өкілдері қатысты.

Сот отырысы 20 наурызға шегерілді.

10 ақпанда Bek Air компаниясы ұшақ құлаған үйдің иесі Ришат Қалибекті сотқа бергені белгілі болды.

Маған орыс тілінде SMS-хабарлама келді. Соттан құжаттарды алып, оны қазақшаға аударуды өтіндім. Сөйтсем мұнда мені айыпталушы ретінде шақырыпты. Олар үй заңсыз жерде салынған және оны алып тастау керек дейді. Олардың не қалап тұрғанын түсінбедім. 21 ақпанда сот болады, - деді үй иесі.

Ол адвокат Бақытжан Базарбекке жерді 2014 жылы 14 мың долларға сатып алғанын айтты. Сол жылы үй құрылысы басталып , 2018 жылы аяқталды. Оның құрылысқа жұмсаған жалпы сомасы 25 миллион теңгені құрайды.

Ер адам учаскесін сатып алғанда, оған оның Алматы әуежайы маңында орналасқанын ешкім ескертпеген.

27 желтоқсанда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшқан Bek Air авиакомпаниясына тиесілі ұшақ ұшу кезінде биікке көтеріле алмай, бетон қоршауды бұзып өтті. Содан сырғанап барып екі қабатты ғимаратпен соқтығысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады