Ақтөбеде түнгі клубтың күзетшісі қыз зорлады

Немолчиkz
27 ақпанда судья айыпталушыны 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Ақтөбеде 23 жастағы қызды зорлаған түнгі клубтың күзетшісі 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сонымен қатар, ол жәбірленушіге 2 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейді. Қыздың адвокаты сотқа қайта шағым түсіретін болды.

Прокурор 4 жыл сұрады және моральдық толық көлемде төлеуді талап етті, сотта қыз одан аяқ асты еткен абыройы үшін 3 миллион теңге моральдық шығынды талап еткен! Ақтөбенің прокуратурасы сот шешіміне қарсы шағым түсіреді деп үміттенемін, ал біз өз кезегінде тағы шағымданамыз», - деді Немолчи қауымдастығындағылар.

Түнгі клубтың күзетшісі Instagram-ға бұған дейін сол көңіл көтеретін орнында болған қызға хат жазады. Осылайша жастар танысып, сөйлесе бастайды. Бір күні ол оған түнде "бір әңгімем бар, сыртқа шығып кетші" деген. Сөйтіп қызды күтіп алған жігіт көлікпен үйден біршама алысырақ кетеді. Сол арада оған тап беріп, көлік ішінде зорлайды. Бұл жайында қыз "Диапазон" басылымына айтып берген. Ол пән болған, өзінің қазақы дәст.рмен тәрбиеоенгенін айтып, жігітті ескерткен. Жәбірленуші полицияға арыз жазды. Зорлау ісін Ақтөбедегі №2 қылмыстық сот жабық есік жағдайында қарады.

27 ақпанда судья айыпталушыны 2,5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

TikTok-тағы тікелей эфир: Тараз тұрғыны бес тәулікке қамауға алынды

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әлемнің жеті кереметі жайлы не білеміз

Қазақстанда үй жануарларын есепке алу ережелері өзгерді