Түркістан облысында миллион талап еткен бопсалаушылар ұсталды

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Олар жергілікті тұрғындар болып шықты, күдіктілерден айғақты заттар тәркіленді.

Түркістан облысы ПД-нің криминалдық полиция басқармасына қорқытып алу жайты туралы жергілікті депода жұмыс істейтін Түркістан қаласының тұрғыны арызданған, деп хабарлайды zakon.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, үш қызметкері бопсалау жолымен, оның қызметінде заңсыз деректерді БАҚ-дарына таратамын деп, миллион теңге талап еткен. Бұл дерек СДТТБТ-не ҚР ҚК-нің 194-бабы "Бопсалау" бойынша тіркелді.

Арнайы операция барысында Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері, жылдам қимылдайтын арнайы жасақпен бірлесе отырып, үш күдіктіге 400 000 теңге беру кезінде ұсталды. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты, күдіктілерден айғақты заттар тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары "Бопсалау" бабымен жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Өз кезегінде, Түркістан қаласының тұрғыны Түркістан облысы ПД-нің полиция қызметкерлеріне бопсалаушыларды ұстау кезінде жеделдігі мен кәсібилігі үшін үлкен алғысын білдірді.

"Мен қорқытып алушылық бойынша полицияға жүгіндім. Апта ішінде Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері қылмыскерлерді ұстады. Тәртіп сақшыларына рахмет!" - деп жәбірленуші полицейлерге алғысын білдірді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз