Ресейде коронавирус жұқтырудың алғашқы жайты расталды

phototass1.cdnvideo.ru
Дерт жеңіл формада сипат алған.

Италиядан оралған Ресей азаматынан коронавирус инфекциясы табылды, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Дерт жеңіл формада сипат алған.

2 наурызда Ресейге сырттан коронавирус жеткені расталды, оны Италиядан оралған Ресей азаматы әкелген, деп хабарлады штабтағылар. Ол дерттің жеңіл формада өрбіп жатқанын айтты.

Эпидемиологиялық зерттеу нәтижелері бойынша, жас жігіт Италияда демалыста болғанда ауырып қалған, деп жазады РИА Новости. Ресейге 23-ші күні оралған ол Мәскеу облысында жер үйде тұрады екен. Бірнеше күннен кейін ол ЖРВИ белгілерімен жергілікті емхананың қызметіне жүгінген, сол жерден ол жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.

Болжам бойынша, бұл Мәскеуден Миланға ұшқан Ресей футбол одағының қызметкері Давид Беров туралы болуы мүмкін. "Новая газетаның" хабарлауынша, Беровтың өзі бұл диагноз туралы ештеңе білмейді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Денсаулық сақтау министрлігі балаларды медициналық тексеруден өткізу ережелерін жаңартты

Ақтөбелік шебер Әбілқайыр ханның мөрін қайта жасап шықты

Сайлаушылардың көңіл күйі жақсы: "СОЦИС-А" супервайзері Жезқазғандағы экзитпол қалай өтіп жатқанын айтты