Алматыда "Үрімші" асханасы өртенді

Алматы қалалық ТЖД
Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

4 наурыз күні таңертең Алматыда өрт болды, деп хабарлайды zakon.kz.

4 наурызда таңғы сағат 07.37-де өрт сөндіру бригадалары Медеу ауданындағы Гоголь мен Қайырбеков көшелері қилысы мекен-жайы бойынша дабылмен көтерілді, деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 6 минут ішінде келді. Бұл кезде Үрімші асханасының төбесі жанып жатқан.

Асхана қызметкерлері ас үйдегі өртті өз бетімен сөндіруге тырысты, тұтынушылар бұл кезде болмаған. Өртті сөндіруге 17 өрт сөндіруші қызметкері мен 4 техника жұмылдырылды. Оттың асханаға жапсарлас орналасқан үй-жайларға өтуіне мүмкіндік берілмеді. Өрт 11 минут өткен соң, сағат 8.10-да жойылды. Өрт орнынан 50 л сыйымдылықтағы 7 газ баллоны және 50 литрлік оттегі цилиндрі шығарылды. Өрт аумағы 60 шаршы метрді құрады, - деп хабарлады ТЖД.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты