Таразда коронавирус әйел анықталды деген ақпарат жалған - полиция

Сурет: zakon.kz
Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтардан жалған хабарламаларды таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды.

Әлеуметтік желі арқылы жалған ақпарат таралып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“WhatsApp” мессенджерінде әйел адамның “Мәскеуден ұшып келген адам Тараздан табылды. Ол коронавирус екен”, сондай-ақ «Шестойда бір семьяны 6 баласымен карантинге қамап қойыпты» деген ақпараттардың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Жамбыл облысының полиция департаменті азаматтардан жалған хабарламаларды таратпауды және тек ресми ақпаратқа сенуді сұрайды. Жалған ақпаратты әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы таратқан адамға қылмыстық жаза заңмен белгіленгенін ескертеміз. ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес “Бұқаралық ақпарат құралдары және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы көрінеу жалған ақпарат тарату” үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады", делінген Жамбыл облыстық ПД хабарламасында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты