Нұр-Сұлтанда карантинді бұзған адам 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды

Pixabay
Оған 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан қаласында мас жүргізуші бақылау-өткізу пунктін бұзып өтпек болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, 22 наурызда түнгі сағат 03.35-те BMW көлігінің 30 жастағы жүргізушісі мас күйінде елордаға кіруге және одан шығуға толық тыйым салынғанына қарамастан, бақылау-өткізу пунктінен өтпек болған.

Ер адам төтенше жағдай жарияланған жерде қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік міндеттерін атқарып жүрген ішкі істер органдары қызметкерлеріне бағынбай, блок-бекеттен өтпек болған. Оны полиция қызметкерлері ұстады. Ұсталған адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 478-бабы, яғни "Төтенше жағдай кезінде заңдылық пен тәртіпті бұзу, ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына қарсы келу" және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы, яғни "Жүргізушінің алкогольді, есірткі және улы затпен мас күйінде рөлге отыруы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешіміне сәйкес, бұл азамат 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Сонымен қатар, құқық бұзушыға 40 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин жарияланып, өткізу бекеттерінде жол тосқауылдары қойылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды