Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде көз жұмған әйелдің өлімінің себебі анықталды

Хабар 24
Ол кісі рет инфаркт алған, бірақ бұл жолы, өкінішке қарай аман қалмады.

27 наурыз күні Нұр-Сұлтандағы сауда үйлерінің бірінде егде жастағы әйел кенеттен қайтыс болды. Елордалық полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов бұл кісі өлімнің коронавирусқа қатысы жоқ екенін баса айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол қайтыс болған әйелдің 70 жаста болғанын айтты.

Бұл факт бізге белгілі. Марқұм 70 жастағы әйел адам. Сот-медициналық сараптамаға сәйкес, ол бірнеше рет инфаркт алып, ауырған. Сауда үйінде кезекті рет ол кісінің жүрегі ұстаған. Оған дейін де ол инфаркт, қант диабетімен есепте тұрған. Яғни, оның COVID-19-ға ешқандай қатысы жоқ, - деді Саденов Орталық коммуникациялар қызметінде "Еліміздегі төтенше жағдай кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау" тақырыбында өткен баспасөз конференциясында.

Бұрын қайтыс болған зейнеткер сауда орталығының тұрақты тұтынушысы екендігі айтылған, соған байланысты сатушылар әйелдің денсаулығына байланысты проблемалары бар екенін жақсы білген, бірақ оның арты бұлай болады деп ешкім болжамаған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз