Алматының бірнеше ауданын су басып, көлшікке айналды

видеодан алынды
Бостандық, Алмалы, Наурызбай аудандарындағы бірнеше көше де нөсерден соң осылай көлге айналған. Жұртқа енді жаңбырдың басылғанын күтуден басқа амал жоқ.

Екі күннен бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан Алматының шеткі аудандарын су алып жатыр. Әсіресе Алатау ауданындағы жер үйлердің тұрғындары зардап шегуде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Кешелі бері ауласы мен көшесін су басқан жұрт өз бетінше әрекет етіп әлек. Алайда көлкіген көшелерді тазалау мүмкін емес.

Фатиха Қыдырбаева, Алатау ауданының тұрғыны:

- 24 жыл болды осы жерде тұрып жатқаныма. Келгелі осы. Жолды ана жағы жоғары, мына жағы төмен бе, содан су мына жаққа жиналады да, үйдің астына, жертөлеге су кіре бастады. Сұмдық мынау! Жылда осы, жылда емес, күнде!

Төменгі аудандарда көлік қозғалысы тіптен қиындаған. Ал жер үйлердің ауласы белуардан су. Алатау ауданындағы жұрт сапасыз жол мен арық жүйесінің жоқтығына шағымданады. Төтенше жағдайлар қызметіне тұрғындардан толассыз өтініш түсіп жатыр. Қазір мамандар суды техниканың көмегімен сорып тазалауда. Бірақ бәріне бірдей үлгере алар емес.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жаңбыр суы жиналған аумақтардың көбі тұрмыстық қалдықтарға толып қалған.Бостандық, Алмалы, Наурызбай аудандарындағы бірнеше көше де нөсерден соң осылай көлге айналған. Жұртқа енді жаңбырдың басылғанын күтуден басқа амал жоқ. Ал ауа райын болжаушылар оның ертең ғана тоқтайтынын айтып отыр.

Гүлдана Нұрымбетова, Алматы қаласы ТЖД баспасөз хатшысы:

- Қазіргі жағдайда 10 мекен-жай бойынша жұмыстар, су сору өткізілуде. Жалпы, 59 адам, 9 бірлік техника, сондай-ақ 5 мотопомпа жұмылдырылған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы