Канадада ер адам көшеде оқ жаудырып, салдарынан 16 адам көз жұмды

Reuters
Атыс салдарынан 23 жастағы полиция қызметкері қайтыс болды, тағы бір құқық қорғау органы қызметкері жеңіл жарақат алды.

Канаданың Жаңа Шотландия провинциясында көшеде белгісіз біреу жан-жағына оқ жаудырып, салдарынан 16 адам, оның ішінде бір полиция қызметкері көз жұмды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, 18 сәуірде 51 жастағы Габриэль Уортман Портапик қаласында көшедегі адамдарға оқ жаудырды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, оқ жаудырушы оқыс оқиға кезінде қайтыс болған.

Күдіктіні іздестіру жұмыстары бүгін таңертең аяқталды. Ол табылды, оның қайтыс болғанын растай аламын, - дейді Крис Лэзерман.

Құқық қорғау органдары қылмыскердің атылғанын растамайды. Атыс салдарынан 23 жастағы полиция қызметкері қайтыс болды, тағы бір құқық қорғау органы қызметкері жеңіл жарақат алды.

Көшеге шығып, айналысына оқ жаудырған ер адам полиция қызметкеріне ұқсас киім киген, бірақ оның тәртіп сақшысы емес екендігі айтылады. Қылмыстың неден туындағы әлі белгісіз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды