Екібастұзда пиццаға түкіріп, видеоға түсіп қалған курьер көпшіліктен кешірім сұрады

видеодан алынды
Осы оқиғадан кейін пицца жеткізуші бозбала жұмысынан босатылды.

Әлеуметтік желіде лифтіге мінген соң курьер жігіттің қолындағы пиццаның бетін ашып, оған түкірген сәтінің видеосы жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz атап өткендей, полиция бұл видеоға қатысты тексеру жүргізді. Оқиға Екібастұз қаласында 16 сәуірде орын алған.

Полиция қызметкерлері пицца жеткізетін курьерді анықтады. Ол 19 жастағы Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 6-бабының 476-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалып, Екібастұз қаласының мамандандырылған сотына жіберілді. Курьерге қатысты тапсырыс берушіден арыз түскен жоқ.

Осы оқиғадан кейін пицца жеткізуші бозбала жұмысынан босатылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі