Алматы облысында блок-бекеттен пара беріп, өтпек болған ер адам ұсталды

polisia.kz
Күдіктіге қатысты "Пара беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысындағы блок-бекетте полицейлерге пара ұсынған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысында тәртіп сақшыларына пара ұсынудың тағы бір дерегі әшкере болды. Ер адам блок-бекетте қызмет етіп тұрған полицейге 3000 теңге пара ұсынды деген күдікпен ұсталды.

“Күдікті полиция қызметкеріне пара беру арқылы блок-бекеттен кедергісіз Алматы қаласына өтіп кетуді жоспарлаған. Дегенмен, өзіндік қауіпсіздің басқармасының қызметкерлері жедел іс-шара барысында 37 жастағы Алматы облысының тұрғынын құрықтады. Алдын ала тергеу барысында ұсталған азамат полицейлерге бірнеше рет пара ұсынғаны және тәртіп сақшыларының ескертулеріне мән бермегені анықталды. Осыған орай, полиция қызметкері жедел топты оқиға орнына шақырған”, – деді Алматы облысы ӨҚБ басшысы Әсет Карменов.

Тексеру барысында үш мың теңге көлемінде қаржы табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-тармағына (пара беру) сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты