Түркістан облысында абайсызда екі бала мерт болды

Otyrar.kz
Екі оқыс оқиға да 29 сәуірде орын алған.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында екі бала абайсызда қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.

Екі оқыс оқиға да 29 сәуірде орын алған.

Мырзакент ауылында 2012 жылы туған бала байқаусызда Достық каналына құлап, батып кетті. Мәйітті куәгерлер шығарып алды. Екінші оқиға Достық ауылында болды. Үйде ересектердің қарауынсыз қалған 2018 жылғы бала электр розеткасымен ойнап, токқа түскен. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті азаматтарды балаларға қауіпсіздік негіздерін үйретуге шақырады:

- балаларды ересектердің қараусыз қалдырмаңыз;

- қырағы болыңыз және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз;

- розеткалар, тұрмыстық құрылғылар және жеке сымдарды блоктау, қауіпсіз ету;

- розеткаларға арнайы диэлектрлік штепсельдерді орнатыңыз;

- балаларды тоғандар мен басқа су объектілерінен алыс ұстаңыз, ересектердің бақылауынсыз бармасын суға түсуге.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты