Дубайда қазақстандық қыз жұмбақ жағдайда көз жұмды

видеодан кадр
Мүрдені елге жеткізу мәселесі осы аптаның соңына дейін шешілуі тиіс.

Дубайда жұмыс істеп жүрген қазақстандық азаматша жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Жергілікті полиция отандасымыздың өз-өзіне қол жұмсағанын айтуда. Алайда марқұмның туыстары мұнымен келіспейді. Умида Сабырова мектепті үздік тамамдаған. Оның үстіне жеңіл атлетикамен кәсіби түрде айналысқан екен. Ағылшын тілін үйреніп, өткен жылдың тамыз айында Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс істеуге кеткен.

Әпкесі Манзура Сабырованың сөзінше, Умида ол жақта оқуына ақша жинап, жақындарына да қаржылай көмектескен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Манзура Сабырова, Умида Сабырованың әпкесі:

"Сіңілімнің мүрдесін елге жеткізсе деймін. Ұшақтар ұшып жатыр емес пе?! Мені көріп тұрсаңыздар, барлық елшілерден, біздің Президентімізден көмек сұраймын!"


Манзура Сабырова сіңілісінің өз өмірін қиғанына сенбейді. Оған себеп те жоқ емес.

16 наурыз күні байланысқа шыққан Умида өзін шетелден алып кетуді өтініп, бәз-біреулердің оны аңдып жүргенін айтқан. Пандемияның таралуына байланысты ол кезде қандай да бір шара қабылдау мүмкін болмапты.

Ал еліміздің сыртқы істер министрлігі осы жағдайды бақылауда ұстап отырғандарын айтады. Ресми органнан "Мүрдені елге жеткізу мәселесі осы аптаның соңына дейін шешілуі тиіс", - деген жауап алдық.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды