Семейде 19 жастағы қыз жоғалып кетті

Баспасөз қызметі
Қызды полиция, Ұлттық ұлан жасағы, волонтерлер және су құтқару қызметіндегілер іздестіріп жатыр.

Семей қаласының полиция басқармасы 3 мамырда үйінен кетіп, хабар-ошарсыз кеткен 19 жастағы Айым Камзаеваны іздестіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды zakon.kz.

Қыздың белгілері: бойы - 165 см, көзі қоңыр,шашы ашық сары. Үстіндегі киімі: қара күртеше, ашық джинсы, ақ жолақтары бар қара кроссовка.
Бұл қызды көріп-білгендер болса 8 7222 569717 немесе 102 телефондарына хабарласу сұралады.

Облыстық полицияның жеке құрамына нұсқаулық берілген, Семей қаласында патрульдік аумақтарында іздеу жұмыстарына 549 ​​полиция қызметкері тартылған.

Жүргізіліп жатқан іздестіру шаралары аясында, бірінші кезекте, жоғалған қыздың жақын қарым-қатынастағы адамдары тексерілді. Полиция қызметкерлері отбасылық және достық байланыстардың барлығын зерттеді. Біз жас қыздың жоғалу себептері мен өмір салтын зерттеп жатырмыз, - дейді полиция бастығының орынбасары полиция полковнигі Талғат Шаяхметов.

Сонымен қатар, көшедегі бақылау камераларындағы жазбалар зерттелді. Жоғалған қыздың қаланың сол жағалауы жағынан "Жаңа көпір" ауданынан жаяу өткені көрінеді, содан кейін қыз камераға түспеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді