6 жыл бұрын жоғалған әйелдің сүйегі қапқа салынған күйі табылды

видеодан кадр
Тергеу барысында ауылдың 62 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды.

Қостанай облысында ішінде адам сүйегі бар қап табылды. Мәйіт қалдықтарын Белоглинка ауылының тұрғыны жуырда сатып алған үйінен анықтап, полицияға шұғыл хабарласқан, деп хабарлайды zakon.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Алдын ала болжам бойынша, табылған дене қалдықтары 1982 жылы туған жергілікті тұрғынға тиесілі. Ол осыдан алты жыл бұрын із-түссіз жоғалып кеткен екен.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, сот-медициналық сараптама тағайындалған.

Артем Ткаченко, облыстық ПД аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі:

"Хабар - ошарсыз кеткен әйелдің әпкесі туысын киімінен таныды. Осылайша, біз осы сүйек қалдықтары із-түссіз жоғалып кеткен келіншекке тиесілі деп болжап отырмыз. Тергеу барысында осы ауылдың 62 жастағы жергілікті тұрғыны ұсталды. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр".

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жамбыл облысында Құрылтай сайлауы белсенді өтуде

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

Ақтаулық Құрылтай есімді тұрғын дауыс беруге келді: Маңғыстаудағы сайлау несімен ерекшеленді

Атыраудың күші: рекордшы сайлау учаскесі алдында КамАЗ көлігін сүйреді

Сайлау күні шаңырақ көтерді: СҚО-да жас жұбайлар некесін қиды