Алматы облысында 150 торайды ұрлаған қаскүнем ұсталды

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы, "Мал ұрлығы"бойынша СДТБТ тіркелді.

Ағымдағы жылдың 11 мамырында Іле АПБ кезекші бөліміне Қараой кентіндегі шошқа өсірумен айналысатын бір кәсіпорнының иесі 18 торайының ұрлағаны туралы арызданған, деп хабарлайды zakon.kz Алматы обылысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-1-бабының 3-бөлігі, 2-тармағы, "Мал ұрлығы"бойынша СДТБТ тіркелді.

Іздеу барысында жәбірленушілер Чапаев ауылының 26 жастағы тұрғынынан ұрланған торайларды тауып,таныған және оқиға орнына бірден полиция қызметкерлерін шақырған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары азаматтың торайдарды шошқа өсіру кешенінде жұмыс істейтін адамдардан бір басы үшін 15 000 теңгеден сатып алғандығын анықтады.

Нәтижесінде, жәбірленуші кәсіпорында қасапшы болып жұмыс істейтін Чапаев ауылының 27 жастағы тұрғыны мен 37 жастағы электрик қызметкері дереу анықталып, ұсталды. Ұсталған азаматтар дәлелдерден кейін ұрлық жасағанын толық мойындады.

Тергеу барысында олар өздерінің сыбайласы ретінде еш жерде жұмыс істемейтін Өзбекстанның 20 және 27 жастағы азаматтарын атап, көрсеткен.

Барлық төрт күдікті де сот шешімімен қамаққа алынды. Күдіктілердің үш ай бойы жүйелі түрде жексенбі және мереке күндері торайларды ұрлаумен айналысқандары белгілі болды. Соңғы қылмыстарын жасау кезінде олардың жалпы саны 150-ге жеткен. Қылмыстық топтың ұйымдастырушысына тиесілі автокөлік тәркіленіп, сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: