ҰҚК мен ІІМ бірлесіп, Алматы қаласы мен Алматы облысында арнайы операция өткізді

ҚР ҰҚК
Тінту барысында олардан 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер тәркіленді.

2020 жылғы 27 мамырда ҚР ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ұйымдасқан қылмыстық топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған.

Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны 30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында 11 бірлік әртүрлі қару түрлері, 200-ден артық оқ-дәрілер тәркіленді.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Қару-жарақ, оқ-дәрі және қымбат көліктер: қылмыстық топ мүшелерінен не тәркіленді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты