Аю талаған адамға қатысты тың мәлімет жарияланды

Алматы облысында өз баласын қорғамақ болған аю адамды талап өлтірген.

Қайғылы оқиға ағымдағы жылдың 30 мамыры күні сағат 06.25 шамасында Алматы облысы Алакөл ауданының тауларында орын алды. Аю 1979 жылғы Ресей Федерациясының азаматына шабуыл жасаған. Аталған дерек СДТБТ-да оқыс оқиға ретінде тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Куәгерлердің айтуы бойынша, қайтыс болған азамат туыстарына демалуға келген Лепсинск ауылының тумасы. 28 мамыр күні оқыс оқиғаға тап болған азамат "Лайка" тұқымды иттімен және ағалары болып табылатын үш танысымен бірге атпен Лепсі өзеніне балық аулауға аттанған. 30 мамыр күні, үйге қайтып келе жатып, жолаушылар 6 шақырымға жуық жол жүрген. Сол сәтте ит аюдың қонжықтарын байқап оны қууға кіріскен. Итті борсықтың ізіне түсті деп ойлаған атты жолаушы соңдарынан ерген. Ағаштардың өсіндісіне жүгіріп кеткен ит , бір мезетте қатты ұлыған. Қаза болған азамат итіне көмектеспек болып ағаш өсінділеріне кіріп кеткен. Біраз уақыт өте азаматтың қатты дауысы естілген. Сол сәтте бұталарды сындыра өсінді арасынан, жылқы мен адамдарды қорқыта аю шығып, орманға қарай қашқан. Қаза болған адамның достары оның денесін көптеген сынықтар мен жарақаттары бар, өмір белгілерінсіз тапқан, зақымданулар иттен де табылған", - дейді Алакөл аудандық Полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Қуат Оспанов.

Сонымен қатар, полицейлер көктемгі кезеңде аюлар өз қонжықтарын қорғау мақсатында агрессивті болатындығын және осыған байланысты сақтық шараларын сақтау қажеттілігін ескертті. Адамға шабуыл жасауға итермелеген себеп ретінде аюдың қонжығын қорғамақ болғанына байланысты, аюды ату жүргізілмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: