Нұр-Сұлтанда белгілі адвокат "кісі өлтірді" деген күдікпен ұсталды

Facebook
Кейбір ақпарат құралдарында жәбірленуші күдіктінің анасы болған деген мәлімет жүр.

Нұр-Сұлтанда адвокат Құмар Бердалин адам өлтірді деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 3 маусымда 1975 жылы 17 қыркүйекте туған Бердалин Құмар Советұлын Нұр-Сұлтан қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша қылмыс жасады деген күдікпен ұстады. Бердалинге қатысты Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық тергеу соты 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық ПД баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.

Кейбір ақпарат құралдарында жәбірленуші күдіктінің анасы болған деген мәлімет жүр. Адвокаттыққа дейін Бердалин Бас әскери прокурордың аға көмекшісі, әділет полковнигі болған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз