Алматы облысында қызметші үй иелерін тонап кетті

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Полиция қызметкерлері бір тәулік ішінде “үй ұрысын” анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

9 маусымда Кербұлақ аудандық полиция бөліміне Қоғалы ауылының 67 жастағы тұрғыны өзінің 350 мың теңге көлеміндегі ақшаны ұрылардың үйінің терезесін қысу арқылы қолды қылғаны туралы арызданған.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 3-тармағы (тұрғын үй-жайға заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша тіркелді.

– Ұсталған Ескелді ауданының 37 жастағы тұрғыны 2004 жылы осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылған. Күдікті ұрланған ақшаға ауыл дүкендерінің бірінен әмиян мен көзілдірік сатып алу кезінде ұсталды. Жеке тексеру қорытындысына сәйкес күдіктіден қолды болған ақша соммасы толық емес күйінде алынды, әйелдің қалған сомманы қайда жұмсағанын тергеу амалдары анықтап жатыр, – деп хабарлады Кербұлақ аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Әлішер Каптағаев.

Үй иелерінің қонақ бөлмедегі сандықта үлкен ақша соммасын сақтайтынын екі күн бойы үй қызметшісі болып жұмыс істеген әйелдің кездейсоқ білгені анықталды. Ұрлық жасауға бел буған ол, түнгі 03.00 шамасында терезе арқылы ақшаны алып, жасырынған. Қолды болған ақшаның заңды иесі полицейлерге кәсіби шеберлігі мен жеделдігі үшін алғыс білдірді.

Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

Елена Рыбакина US Open турнирінің жартылай финалына шығып, әлемнің бірінші ракеткасы атанатын болды