Аягөзде дүлей дауыл тұрып, айналаны талқандады

yknews.kz
7 адам қалалық ауруханаға түсті, олар сынған ағаш бұтақтары мен сынған әйнектерден түрлі жарақат алған.

Аягөзде соққан дүлей дауыл салдарынан ағаштар құлап, шатырлар ұшты, деп хабарлайды zakon.kz.

Yknews.kz хабарлауынша, 16 маусымда Аягөзде екпінді секундына 28 метр жылдамдықпен ұйытқыған дауыл тұрған.

Дүлей дауылдың салдарынан қаладағы тұрғын үй және кеңсе ғимараттарының шатыры жұлынды. Атап айтқанда, 19 екі қабатты тұрғын үй, 72 бір қабатты үйдің, төрт мектеп, бір балабақша және орталық аудандық аурухана зардап шекті, деп хабарлады ШҚО ТЖД.


Сонымен қатар, ағаштар құлап, электр сым темірлерін үзген, салдарынан 9 138 абонент жарықсыз қалды. "ШҚО АЭК" АҚ жедел тобы төтенше жағдай салдарын жою бойынша жұмысты жалғастыруда.

17 маусымда сағат 6-да 700 абонент жарықсыз қалды.

- 7 адам қалалық ауруханаға түсті, олар сынған ағаш бұтақтары мен сынған әйнектерден түрлі жарақат алған. Бір адам ауруханаға жеткізілді, алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін алты адам үйге жіберілді, - дейді облыстық ТЖК-дағылар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?